Accessibility links

Швецияда синагогаға жанғыш зат лақтырған


Швед полициясының қызметкері. (Көрнекі сурет.)
Швед полициясының қызметкері. (Көрнекі сурет.)

Швецияның оңтүстігіндегі Гетеборг қаласында сенбі күні кешке бетперде киген жиырма шақты адам жанғыш заттарды синагогаға лақтырған. Бұл туралы "Экспрессен" басылымы хабарлады. Шабуыл синагоганың жанындағы үйде жастар кеші өтіп жатқан кезде жасалған, кешке қатысушылар жертөлеге тығылуға мәжбүр болған.

Бұл оқиғаны тексеруге СЕПО қауіпсіздік полициясы кіріскен, күдікті үш адам ұсталған.

"Біз ықтимал жаңа қауіп-қатерді анықтау үшін барлық тиісті шараларды қабылдадық", - деп мәлімдеген СЕПО баспасөз хатшысы Карл Мелин. Швециядағы барлық синагогалардың төңірегінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Швециялық басылымдар антисемиттік шабуыл АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Изариль астанасы деп тану туралы шешіміне қарсы араб және исламшыл жастардың наразылығымен байланысты болуы мүмкін деп жазады.

XS
SM
MD
LG