Accessibility links

Шымкентте төрт адам газдан уланып көз жұмды


Шымкенттегі көп қабатты үйлердің бірі (Көрнекі сурет).
Шымкенттегі көп қабатты үйлердің бірі (Көрнекі сурет).

"Шымкенттегі Республика даңғылындағы №31 көп қабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды" деп хабарлайды Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Шымкент қалалық әкімдігінің хабарлауынша, төрт адам, оның ішінде үш бала газдан уланып қайтыс болған.

"10-желтоқсан күні сағат 14:07-де Республика даңғылындағы №31 үйдің 31-пәтерінде үш немересімен өмір сүретін әйел үш күннен бері хабарсыз кеткені, ұялы телефонын көтермей жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару тобы мен полицейлер аталған пәтер есігін бұзып ішке кірді. Пәтерден 56 жастағы әйел мен 5 жастағы бала және біреуі 11, тағы біреуі 10 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды" делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

XS
SM
MD
LG