Accessibility links

Стамбулда түнгі клубқа шабуыл ісі бойынша сот басталады


Стамбулдағы Reina түнгі клубына шабуыл жасады деп ұсталған күдікті (сол жақта) мен шабуылдан кейін тараған шабуыл жасады деген күдіктінің суреттері.
Стамбулдағы Reina түнгі клубына шабуыл жасады деп ұсталған күдікті (сол жақта) мен шабуылдан кейін тараған шабуыл жасады деген күдіктінің суреттері.

Стамбулда 11 желтоқсанда жаңа жыл мерекесі кезінде түнгі клубқа жасалған шабуылдан 39 адамның қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша сот басталады. Бұл іс бойынша басты айыпталушы Өзбекстан азаматы Абдулкадир Машариповке "елдің конституциялық құрылымын бұзуға әрекеттенді", "террорлық қарулы ұйым қызметіне араласты" және "екі және одан да көп адамды өлтірді" деген айыптар тағылған.

Сот отырысы Стамбулдың Силиври ауданында басталады, қауіпсіздік шарасы аса күшейтілген жағдайда басталады.

Бұл сот бойынша Машариповтен өзге 56 адамға жаппай кісі өліміне қатысы бар және террорлық ұйым қызметіне қатысты деген айып тағылған. Сотқа тартылғандар арасында Машариповтің әйелі Зарина Нуруллаева да бар.

Түркия билігінің мәліметінше, Машарипов биыл 1 қаңтарға қараған түні Стамбулдағы Reina клубына бір өзі таксимен жетіп, клубқа кіреберісте екі адамды өлтірген, сосын ішке кіріп ондағы адамдарға оқ атқан. Шабуылдан барлығы 39 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алып, оны Түркияның Сириядағы қақтығысқа киліккені үшін кек алу деп атаған.

Машариповтің өзі 16 қаңтарда екі мыңға тарта полицей жұмылдырылған операцияда ұсталған. Сарапшылардың тұжырымынша, олар берген мәліметтер Түркия билігіне ИМ-нің Стамбулдағы ірі экстремистік бөлімінің қызметін тоқтатуға мүмкіндік берген.

XS
SM
MD
LG