Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт болды деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
ТЖД ақпаратына қарағанда, зауыттың вакумдық блогында өрт шыққаны туралы ақпарат дүйсенбі күні таңертеңгі сағат 10:10-да түскен. Өртті сөндіруге 120 өрт сөндіруші мен 14 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 10:30-да сөндірілген. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрайды. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз және ол зауыт жұмысына әсер етпеген.