Accessibility links

Ресейде құқық қорғаушы Алексееваға мемлекеттік сыйлық берілді


Людмила Алексеева, ресейлік құқық қорғаушы, Мәскеу Хельсинки тобының жетекшісі.
Людмила Алексеева, ресейлік құқық қорғаушы, Мәскеу Хельсинки тобының жетекшісі.

Ресейде Мәскеу Хельсинки тобының басшысы Людмила Алексеева 2017 жылы құқық қорғау саласында ерекше жетістікке қол жеткізгені үшін Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы жарлықты Ресей президенті Владимир Путин шығарды. Мемлекеттік сыйлыққа Алексееваның кандидатурасын кандидатурасын Адам құқықтары жөніндегі кеңес ұсынды.

Биыл Людмила Алексеева 90 жасқа толды. Владимир Путин күтпеген жерден құқық қорғаушының үйіне барып, жеке өзі құттықтады.

Людмила Алексеева соңғы бірнеше онжылдықта құқық қорғау қызметімен айналысады. 1970 жылдары жасырын қолжазба басылымды (самиздат) таратқаны үшін бас еркіндігінен айырылу қаупі туып, АҚШ-қа эмиграция жасауға және ол елде 15 жыл тұруға мәжбүр болған. Ресейге қайта оралған ол адам құқығының бұзылғанына мониторинг жасайтын Мәскеу Хельсинки тобын басқарды.

Қайырымдылық көрсету саласындағы жетістігі үшін мемлекеттік сыйлық Қазан қаласының лейкемиямен ауыратын балаларға көмек көрсету қорын құрған Владимир Вавиловқа берілді.

Құқық қорғау қызметі мен қайырымдылық саласындағы мемлекеттік сыйлық 2016 жылдан бастап беріліп келеді. Сыйлықтың 2,5 миллион рубль көлемінде ақшалай жүлдесі бар. Былтыр ол сыйлықты "Справедливая помощь" қорының басшысы Елизавета Глинка мен "Детский хоспис" қорының директоры Александр Ткаченко алған.

XS
SM
MD
LG