Accessibility links

Отунбаева түрмедегі Текебаевтың жағдайы туралы айтты


Омурбек Текебаев, Қырғызстандағы оппозициялық саясаткер. Бішкек, 15 тамыз 2017 жыл.

Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева "Ата Мекен" оппозициялық партиясының басшысы, қамауда отырған Омурбек Текебаевқа барып қайтты. Отунбаева Бішкектегі №47 колонияда жазасын өтеп жатқан Текебаевпен кездескен соң журналистерге саясаткердің "өңі жақсы көрінетінін" хабарлады.

- Біз біраз нәрсені әңгіме қылдық. Мен оған Қытайға барған сапарым туралы айттым. Көп нәрсені талқыладық. Оның еңсесі түспеген, өзін қамауда ұстау жағдайына шағымы жоқ. Болашаққа деген сенімі зор, - деді Отунбаева.

21 қарашада Қырғызстанның Жоғарғы соты Бішкектің Первомай аудандық сотының Омурбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Дуйшенкул Чотоновқа шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырған. Алғашқы сот оларды коррупциялық қылмыс жасады деп айыптап, сегіз жылға соттаған. Жақтастары оларға қарсы істі қолдан жасалған және саяси астары бар деп біледі. Текебаевтың жақтастары оны биыл қазан айында өткен президент сайлауына қатыстырмау үшін қудалады деп біеді.

Текебаев пен Чотонов 2017 жылдың ақпанында 2010 жылы Ресей азаматы Леонид Маевскийден "Мегаком" телекоммуникациялық компаниясының акциясын сатып алуға көмектесу үшін бір миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталған. Екі саясаткер де өздеріне тағылған айыпты мойындамайды және оппозициялық қызметі үшін қудалап отыр деп біледі.

AzattyqTV

Қар суын ішіп отырған ауыл
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG