Accessibility links

ОҚО: Сайрамда "анасы ұрған" бала жансақтау бөлімінде жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында анасы ұрып-соққан 6 жастағы бала аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, 10 желтоқсан күні таңертең Қарабұлақ ауруханасына түскен баланың жағдайы әлі ауыр.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 жастағы баласын 9 желтоқсан күні түнде ұрып-соққан деген күдікті, 1981 жылы туған әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 103-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") іс қозғалған. Бірнеше сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. "Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр" делінген хабарламада.

XS
SM
MD
LG