Ресей президенті Владимир Путин Сирияның Хмеймим әскери базасына барды. Путинді аэродромда Сирия президенті Башар Асад, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу және Сириядағы Ресей әскерінің қолбасшысы Сергей Суровикин күтіп алды.
Путин "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының толық күйрегені туралы жарияланған соң Сириядан Ресей әскерін шығаруға бұйрық бергені хабарланды.
Путин Сирияға соңғы рет 2010 жылы барған.
АҚШ бастаған халықаралық коалиция Сирияда радикалдық исламшылармен соғысып жатыр. Коалиция Сирияның оппозицияшыл күштерін қолдайды.
Ресейдің Сириядағы әскери кампаниясы 2015 жылы 30 қыркүйекте басталған. АҚШ бастаған коалиция Мәскеуді Сирия президенті Башар Асадты қолдап отыр деп талай рет айыптаған. Батыс елдері Асадты адам құқықтарын өрескел бұзып деп айыптайды.