Accessibility links

Манхэттендегі жарылыстан соң бір адам ұсталды


Манхэтендегі жарылыс орнына жеткен полиция.11 желтоқсан 2017 жыл.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының полициясы Манхэттен ауданында болған жарылыстан соң бір адамды қамауға алғанын хабарлады.

Полиция Twitter парақшасында дүйсенбі таңертең Таймз сквер маңындағы автовокзалда жарылыс болғанын мәлім еткен.

Твитте: "Нью-Йорк полициясы 42 және 8 көшелердің қиылысында жарылыс болғаны жайлы хабарлама бойынша жұмыс істеп жатыр" деп жазылған.

Кейінірек Таймз сквердегі Port Authority автобус тұрағында қолдан жасалған жарылғыш заттың іке қосылғаны белгілі болды. Билік ешкімнің зардап шекпегенін растады.

Жергілікті БАҚ күдіктінің бомбасы метро станциясына түсіп үлгермей жарылып кеткенін жазды.

Полиция метро станциясы мен автобус платформасындағы адамдарды эвакуациялап, метро қозғалысы уақытша тоқтағанын мәлімдеді.

Port Authority - АҚШ-тағы ең ірі автовокзал. Бұл көлік платформасын жылына 65 миллион жолаушы пайдаланады.

XS
SM
MD
LG