Accessibility links

Мәскеуде Солженицынге ескерткіш тақта орнатылды


Мәскеуде Александр Солженицынге орнатылған ескерткіш тақта. 11 желтоқсан 2017 жыл.
Мәскеуде Александр Солженицынге орнатылған ескерткіш тақта. 11 желтоқсан 2017 жыл.

Мәскеу орталығындағы Тверь көшесінде жазушы Александр Солженицынге ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш белгі жазушы 1974 жылы "ГУЛАГ архипелагы" кітабы жарыққа шыққаннан кейін ұсталған кезінде тұрған үйдің қабырғасына ілінді. Бұл үйде 1994 жылдан бері Солженицын қоры жұмыс істейді. Келесі жылы жазушының туғанына 100 жыл толу құрметіне орай бұл үйде оның мұражайы ашылмақ.

Солженицынге ескерткіш тақта орнатылатынның алдында "Революциялық коммунистік жастар одағының" (РКСМ) белсенділері жазушының суреті басылған және "Әдебиеттегі власовшылар Мәскеуден қуылсын!" деген жазуы бар үнпарақтарды таратып жүрген. Жазушының жесірі Наталья Солженицына РКСМ белсенділерін "жексұрындар" деп атады.

Александр Солженицын 2008 жылы 3 тамызда Мәскеуде қайтыс болды. Ресейде жазушыға алғашқы ескерткіш 2013 жылы Белгородта орнатылған.

2015 жылы Владивостокта ескерткіш қойылған. Осыдан бірнеше күннен соң РКСМ-нің жергілікті белсендісі ескерткішке "Иуда" деп жазылған тақтайша іліп кетті. 2016 жылы "коммунист жастар одағының" жақтастары ГУЛАГ тарихы мұражайының кіреберісіне Солженицын суреті бейнеленген тұлып қойып кеткен болатын. Бұл әрекеттері үшін белсенділер жауапқа тартылмады.

XS
SM
MD
LG