Accessibility links

Мэй Brexit келіссөзінде "жаңа сенім пайда болғанын" мәлімдеді


Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.
Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Brexit келіссөзінде "болашаққа деген жаңа сенім пайда болғанын" мәлімдеді. Бұл туралы ол 11 желтоқсанда Ұлыбритания парламентінде сөйлеген кезінде айтты. Оның сөзінше, Еуропа Одағымен (ЕО) болашақтағы сауда қатынастары туралы келісімді дайындау ешнәрсеге сенбейтіндердің жалпы келіссөз процесінің тиімділігіне келтірген күмәнін сейілткен болар еді.

Тереза Мэй 14 желтоқсанда Брюссельге ЕО-ның 27 елі басшыларының саммитіне барады. Мэйдің сөзінше, осы кезге дейін жасалған келісімді оң бағалап, ары қарай сауда келісімін талқылай бастау керек. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбритания премьер-министрі егер Брюссель сауда келіссөзін тиімді түрде жүргізсе, онда үкімет ЕО алдындағы қаржылық міндеттемесін орындауға дайын екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG