Accessibility links

Египет пен Ресей бірлесіп АЭС салмақ


Ресей президенті Владимир Путин мен Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси қол алысып тұр. Каир, 11 желтоқсан 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси қол алысып тұр. Каир, 11 желтоқсан 2017 жыл.

Египет пен Ресей "Дабаа" атом электр станциясын (АЭС) салу туралы келісім жасасты. Египет мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, келісімге Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси мен Ресей президенті Владимир Путин қол қойды. АЭС Ресейдің көмегімен салынады.

11 желтоқсанда Путин Египет президентімен келіссөз жүргізіп, екі жақты және аймақтық мәселелерді талқылау үшін Каирге барған. 7 желтоқсанда Путиннің Египетке баратын туралы хабарлаған Кремль Путин мен әл-Сисидің Таяу Шығыстағы жағдайды басқа да мәселелерді талқылайтынын мәлімдеген.

Египет тарапы Путин мен әл-Сисидің "түрлі салалардағы, оның ішінде саяси, экономикалық және сауда қатынастарындағы екі жақты ынтымақтастықты ары қарай кеңейту" жөнінде келіссөз жүргізетінін хабарлаған.

Путин Египетке баратынның алдында жолай Сирияға кідіріп, бұл елдегі терроризмге қарсы операцияның "табысты аяқталғанын" мәлімдеген.

Кремльдің хабарлауынша, Путин 12 желтоқсан күні кешірек Анкараға барып, Түркия президенті Режеп Ердоғанмен екі жақты қарым-қатынастарды, оның ішінде бірлескен энергетикалық жобалар мен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды.

XS
SM
MD
LG