Accessibility links

Қарағанды облысында ондаған кенші екінші түн шахтадан шықпай отыр


Қарағанды обысындағы шахталардың біріндегі жұмысшылар (Көрнекі сурет).
Қарағанды обысындағы шахталардың біріндегі жұмысшылар (Көрнекі сурет).

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы шахталарының ондаған кеншісі екінші түнді шахтада өткізді. Кеншілер 11 желтоқсан күні таңертең түнгі ауысымдағы жұмыстарын аяқтаған соң жер бетіне шығудан бас тартқан. Олар басшылыққа бірнеше талап, оның ішінде жалақыларын өсіру талабын қойған. Наразылық танытушылардың нақты саны белгісіз. 11 желтоқсанда Қарағанды облысының әкімдігі 200-ге тарта жұмысшының шахтадан түнгі ауысымнан соң жер бетіне көтерілмегенін хабарлаған.

Обыс әкімдігі бүгін таңертең кеншілердің өкілдері "АрселорМиттал Теміртау" басшылығымен кездесу үшін жер бетіне шыққанын хабарлады. Кеншілердің жұмыс берушімен дүйсенбіде басталған келіссөзі бүгін де жалғасты.

"Кездесуге көмір өндірушілердің "Қорғау" кәсіподағы мен облыс әкімдігінің басшылығы да қатысты. Диалог жалғасып жатыр" деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігі.

11 желтоқсан күні кешке қарай төрт шахтаның жұмысшылары жер бетіне шықпаған Шахтинск қаласында кеншілер отбасылары облыс әкімніің орынбасарымен және "АрселорМиттал Теміртау" өкілдерімен кездесті. Кездесуде кеншілердің туыстарына қалыптасқан жағдай түсіндірілген.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы кеншілерге қатысты жағдай туралы кейінірек баспасөз хабарламасын таратуға уәде берді.

XS
SM
MD
LG