Accessibility links

Сенаторлар Трампты "әйелдерге қырындады" деп отставкаға шақырды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ демократ сенаторы Керстин Джилибрандт CNN телеарнасына сұхбат беріп, президент Дональд Трампқа қызметінен өз еркімен кетуге кеңес берді.

"Мен президент әрекетінің құрбаны болған 19 әйелдің әңгімесін өз құлағыммен естідім" деді Джилибрандт. Оның айтуынша, "Трамп өз еркімен отставкаға кетпесе, онда Конгресс тиісті тергеу жүргізіп, оны жауапқа тартуы керек".

Оның әріптесін демократ сенатор Рон Вайден қолдады. Өткен жексенбі күні осындай талапты Трампқа тағы екі сенатор Джефф Меркли мен Кори Букер де қойған.

10 желтоқсанда АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли "Трампты айыптайтын әйелдердің шағымын тыңдап шығуға болатынын" айтқан. Хейлидің сөзіне комментарий берген Джилибрандт "Ол әйелдердің айтқанын тыңдап қана қоймай, оған сенуге де болады" деді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс "президент әйелдердің өз құқықтарын қорғауға талпынысын қолдайтынын", бірақ оған тағылған айыптарды жоққа шығаратынын хабарлады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Әлеуметтік сақтандыру қоры

ӘСМҚ ақшасын астыққа жұмсамақ

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG