Accessibility links

ФСБ: Террорлық шабуыл жасауды жоспарлаған топ адам ұсталды


ФСБ қызметкерлерінің "Мәскеу облысында жаңа жыл мерекесі мен президент сайлауында террорлық шабуыл жасамақ болды" деген күдіктілерді ұстау операциясы. 12 желтоқсан 2017 жыл.
ФСБ қызметкерлерінің "Мәскеу облысында жаңа жыл мерекесі мен президент сайлауында террорлық шабуыл жасамақ болды" деген күдіктілерді ұстау операциясы. 12 желтоқсан 2017 жыл.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Мәскеу облысында жаңа жыл мерекесінде және Ресейде болатын президент сайлауы кезінде "террорлық актілер жасауды жоспарлаған топтың үш өкілі" ұсталғанын хабарлады.

ФСБ-нің 12 желтоқсанда таратқан ақпаратына қарағанда, ұсталған күдіктілер - Орталық Азия елдерінің азаматтары және олар жанкештілер шабуылын жасауды жоспарлаған. Арнайы қызмет ұсталған күдіктілерге "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының өкілі нұсқау беріп отырғанын айтады.

"Олардан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіледі. Сонымен қатар террорлық шабуыл құралдарын жасайтын зертхана жойылды" делінген ФСБ ақпаратында.

ФСБ әдетте мерекелер немесе әлдебір маңызды оқиғалар қарсаңында "террорлық шабуылдардың алдын алғанын" хабарлап тұрады.

XS
SM
MD
LG