Желтоқсанның 12-де Шымкентте үш адам газдан уланып қайтыс болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті: "Газдан уланып қайтыс болған 24 жастағы қыздың денесі 12-желтоқсан күні түнде, ал 5 айлық баласы мен анасының мәйіті күндіз сағат 12:00-де үйлерінен табылды" деп хабарлады. Департаменттің алдын-ала анықтауына сәйкес тұрғындар газдан уланғанға ұқсайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Зарипа Тұрлыбекованың айтуынша, оқиғаның себебін анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалып, тексеру амалдары жүріп жатыр.
Желтоқсанның 10-ында Шымкенттегі Республика даңғылының бойында орналасқан №31-үйдің 31-пәтерінен газдан уланып қайтыс болған 4 адамның мәйіті табылған еді.