Accessibility links

Тінікеев кәсіподақ қызметіне барды


Мұхтар Тінікеевтің Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болған кездегі суреті. Фотосурет депутаттың Facbook-тегі парақшасынан алынған.

Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Мұхтар Тінікеев Қазақстанның кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Жергілікті Tengrinews ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Тінікеев шахтерларды қолдау үшін қызметке барғанын айтады.

- Басқа жағдай болғанда бұған (қызметке - ред) келіспес те едім. Бірақ қазіргі жағдайда (шахтерлардың наразылық шарасын айтады - ред) шахтерларға қолдау қажет. Ауыр еңбегі үшін шахтерларға үнемі болысып, құқықтарын қорғап келе жатқаным баршаға аян, - дейді Тінікеев.

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы шахталарының 600-ден астам кеншісі желтоқсанның 11-нен бері жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, жер бетіне шығудан бас тартып келеді. Олар басшылыққа жалақыны 100 пайызға өсіру, зейнеткерлікке 50 жастан шығару, ауырып қалған кездегі жалақысын толық көлемде төлеу және тағы басқа талаптар қойған. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы наразы шахтерлермен келіссөз жүріп жатқанын жазып баспасөз хабарламасын таратқан.

Мұхтар Тінікеев өзінің саяси мансабын Қарағанды облысында шахтада кенші қызметінде жүргенде облыстық ереуіл комитетінің өкілі болып бастаған. 1990 жылдары Жоғарғы кеңестің депутаты, кейін бірнеше мәрте мәжіліс депутаты болған ол жұмысшылар мен кеншілердің мәселелерін қозғап көзге түскен. Былтыр әлеуметтік желілер арқылы өзі туралы кикілжің видеосы тараған соң бесінші шақырылымдағы Парламент мәжілісінің депутаты өкілетін өз еркімен тапсырған еді. Содан бері Мұхтар Тінікеев саяси алаңда көрінбей жүрген.

AzattyqTV

Қытайда қамауда болған жігіт 3-бөлім
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00
XS
SM
MD
LG