Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкциясын жарты жылға ұзартпақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропа Одағының жетекшілері 14 желтоқсан күні Ресейге қарсы экономикалық санкцияларын тағы алты айға созу туралы шешімін бекітеді. Бұл туралы Reuters агенттігі Брюссельдегі дипломаттарға сілтеме жасап хабарлады.

Ресейдің энергетика, қорғаныс және қаржы секторына қатысты негізгі санкциялар мерзімі 2018 жылдың қаңтарында аяқталады. ЕО жетекшілері оны 2018 жылдың ортасына дейін ұзартуды көздеп отыр. Мәскеу 2014 жылы наурызда Қырымды аннексиялап алған соң ЕО мен АҚШ Ресейге бірқатар санкция салған.

Мәскеу бұған дейін Қырымды ешқашан қайтармайтынын мәлімдеген. Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG