Accessibility links

Қарағанды облысының әкімдігі: 150-ден астам кенші шахтадан шықты


Шахтада жұмыс істеп жатқан кеншілер, Қарағанды облысы (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездескен соң 13 желтоқсанға қараған түні "АрселорМиттал Теміртау" шахталарынан 154 кенші жер бетіне көтерілді. Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің сәрсенбі күні таңертең хабарлауынша, әкім осы түні бірнеше шахтаға түсіп, кеншілермен жеке сөйлесті. Мұның алдында облыс әкімі Қарағандыға келген "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Парамжит Каланмен кездескен. Компания ұсынған шарттарды талқылау сағат 23-те аяқталып, бұдан соң билік өкілдері наразы кеншілерге барған.

Әкім Қошанов наразылық танытқан кеншілердің ең көбі отырған "Шахтинск" шахтасына түскен. Кездесуден соң сыртқа 59 кенші шыққан. Кеншілермен кездесу шамамен екі сағатқа созылған. Облыс әкімдігі "Тентек" шахтасынан 76 жұмысшы, "Ленин" шахтасынан 19 жұмысшы жер бетіне шыққанын айтады.

"13 желтоқсанның таңындағы жағдай бойынша, өткен түні сыртқа 154 кенші шықты. Бұдан өзге, әлеуметтік желілерде Шахтинск аймағында адамдардың тұтқындалғаны туралы ақпараттар пайда болды. Бұған қатысты Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Шахтинскіде ешкім ұсталмағанын және қамалмағанын мәлімдейді. Полиция азаматтарды арандатуға бой алдырмауды сұрайды" делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Сонымен қатар әлі бірнеше жүз кенші жер бетіне көтерілуден бас тартып, өздері қойған шарттарының орындалуын талап етіп отырғандықтан келіссөз әлі жалғасып жатқаны хабарланды.

ОҚЫҢЫЗ: Ереуілге шыққан кеншілер "қайтпауға бекінген"

Кеншілер компания басшылығына бірнеше талап қойып отыр. Олардың ең негізгілері арасында жалақыны 100 пайызға өсіру, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді 100 пайызға дейін толық төлеу, өзге тарифтерді төлеу, шахталардың материалдық-техникалық базасын жақсарту талабы бар.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

AzattyqTV

Сайлау туралы заңда не өзгеріс бар?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:23 0:00
XS
SM
MD
LG