Accessibility links

Түркіменстанда қамалған белсендіге қызымен кездесуге рұқсат берді


Азаматтық белсенді Галина Кучеренко мен оның қызы Валерия Кучеренко.
Азаматтық белсенді Галина Кучеренко мен оның қызы Валерия Кучеренко.

Түркіменстанда қамалған азаматтық белсенді Галина Кучеренконы 12 желтоқсанда қызы Валерия мен кездестіруге және жылы киім алуға рұқсат берді. Бұл туралы Ашхабад шетінде орналасқан абақтыға Валериямен бірге барған азаматтық белсенді Наталья Шабунц хабарлады.

"Хроника Туркменистана" басылымының хабарлауынша, Галина Кучеренконы 15 тәулікке қамаған. Бірнеше күн бойы оның тағдыры туралы мәлімет болмады. Оны 7 желтоқсанда Ашғабадта үйінен ұстап әкетіп, үйінде "антисанитарлық әрекеті үшін" әкімшілік қамауға алған. Белсендінің көршілері Кучеренконң үстінен оның үйінде "шектен тыс ит пен мысық ұстады" деп шағымданған.

Кучеренконы қорғау мен қолдауға арналған халықаралық науқан басталды. Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары түркімен билігінен жануарлар қамқоршысын босатуды талап етті.

Галина Кучеренко әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдары қызметкерлерін "үй жануарларын жаппай өлтіріп жатыр" деп сынап келген. Бұған дейін оған түрлі қоқан лоқы көрсетілген.

XS
SM
MD
LG