Accessibility links

Ресей тәжік мигранттарының құқығын қорғаушыны депортациялады


Каромат Шарипов, Ресейдегі тәжік мигранттарының құқығын қорғаушы.

Тәжік мигранттарының құқығын қорғаушы Каромат Шарипов Ресейден Тәжікстанға депортацияланды.

Азаттықтың Тәжік редакциясының мәліметі бойынша, Каромат Шарипов Мәскеуден Куляб қаласына жеткізілген. Ресми билік Шариповке қатысты жағдай бойынша пікір білдірмеді.

30 қарашада Мәскеу түбіндегі Люберецк қалалық соты Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қазан айында Шариповті Ресей төлұжатынан айырғанын заңды деп тапқан.

Мигранттар федерациясын басқарған Шарипов Совет одағы құлаған 1991 жылдан бері ешқашан Тәжікстан азаматтығын алмағанын айтады. Федералдық барлау қызметі оның төлқұжатын қыркүйек айында сауда орталығы қауіпсіздік қызметкерлері мен тәжік мигранттарының төбелесінен соң алып қойған. Ол кезде төбелеске байланысты 250 адам ұсталған. Шарипов ол азаматтарды тұтқындаудың заңдылығына күмән келтірген.

Каромат Шарипов "Тәжік еңбек мигранттарының" қозғалысын 2008 жылы құрған.

XS
SM
MD
LG