Accessibility links

АМТ басшылығы кеншілерді сыртқа шығуға шақырды


"Тентек" шахтасындағы ереуілшілердің туыстары. Қарағанды облысы, 12 желтоқсан 2017 жыл.
"Тентек" шахтасындағы ереуілшілердің туыстары. Қарағанды облысы, 12 желтоқсан 2017 жыл.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Парамжит Калон "шахта жұмысын тоқтатып, жер астында рұқсатсыз отыру - мәселені шешпейтінін" айтып, ереуілдеп жатқан кеншілерді шахтадан шығуға шақырды. Компания мен Қарағанды облыстық әкімдігінің хабарлауынша, 13 желтоқсанда Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Лакшми Миттал телефонмен сөйлескен.

"АрселорМиттал Теміртаудың" бас директоры Парамжит Калонның кеншілерге үндеуінде: "Жергілікті билік органдарының қатысуымен бірлесе жұмыс істеп, диалогты жалғастыру керек. Бірақ ол диалог сіздер [шахтадан - ред] жер бетіне шыққан кезде ғана болады. Осынша уақыт жер астында отыру өте қауіпті және денсаулықтарыңызға кері әсер етеді. Сіздерді бірлесіп, таяу уақытта оңтайлы шешім табуға шақырамын" деп жазылған.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан соң шахтадан шығудан бас тартқан 600-ден астам кенші әлі жер астында отыр. Әкімдіктің хабарлауына қарағанда, бастамашыл топ өкілдерімен кеше өткен кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" басшысы компания кеншілер өкілдерімен шахталардағы барлық кеншілер таяу уақытта жер бетіне шыққан жағдайда ғана келіссөз бастауға даяр екенін айтты.

"Бұл талап орындалған жағдайда жұмыс беруші қандай да бір жазалаудың болмайтынына кепіл болады" деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кейбір ақпарат бойынша, бастамашыл топ осы кездесуден кейін жер астындағы кеншілермен сөйлесу үшін шахталарға кеткен. Кеншілердің келіссөз жүргізу үшін жер бетіне шығуға келіскенін, я келіспегенін білу әзірге мүмкін болмай тұр.

Жүздеген кенші төрт тәуліктен астам уақыт жер астында отыр. Кеншілердің мәліметінше, "АрселорМиттал Теміртаудың" төрт шахтасында 700-ден астам адам ереуілдеп тұр. Жер бетіне шығудан бас тартқан кеншілер бірнеше талап қойып отыр. Олардың ең бастылары - жалақыны 100 пайызға көбейту, зейнеткерлікке 50 жастан шығару, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді 100 пайызға дейін толық төлеу, 2017 жылдың "13-жалақысын" төлеу.

Оқи отырыңыз: Шахтадағылар талаптарынан қайтпай тұр

"АрселорМиттал Теміртау" - Қарағанды металлургиялық комбинаты Қарағанды көмір бассейнінің шахталарына ие болат құю және тау-кен қызметімен айналысатын компания. Ол Үндістаннан шыққан британдық бизнесмен Лакшми Митталға тиесілі трансұлттық "АрселорМиттал" металлургиялық тобы құрамына кіреді. "АрселорМиттал Теміртау" құрамында құрыш, көмір, болат құю және құбыр департаменттері бар.

ВИДЕО: Кеншілер ереуілі төртінші тәулікке жалғасты

Кеншілер ереуілі төртінші тәулікке жалғасты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

XS
SM
MD
LG