Accessibility links

Журналистер одағы байқау жүлделерін тапсырды


Ермұрат Бапи (сол жақта) мен Сейітқазы Матаев жүлделер тапсырып тұр. Алматы, 14 желтоқсан 2017 жыл
Ермұрат Бапи (сол жақта) мен Сейітқазы Матаев жүлделер тапсырып тұр. Алматы, 14 желтоқсан 2017 жыл

Бейсенбіде Алматыдағы "Еуразия" қонақ үйінің баспасөз залында Қазақстан журналистер одағы телевидение, радио және газет журналистері арасында "Ерлік", "Меценат", "Қазақстандық бренд" және "Ал біздің аулада" тақырыптары бойынша өткізген конкурстың жүлдегерлерін марапаттады. Конкурс жеңімпаздары қыркүйек айында белгілі болған еді.

Ұйымдастырушылардың бірі Ермұрат Бапидың айтуынша, бұл конкурс та, марапаттау шрасы да тәуелсіздік күніне орайластырған. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жүлдегерлерді марапаттау шарасына журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев қатысып, бұл шараның "түрмеден шыққаннан кейінгі қатысып отырған алғашқы баспасөз жиыны" екенін айтты. Сонымен қатар Сейітқазы Матаев алты журналисті "Қазақстанның құрметті журналисі" атағымен марапаттап, Ғалым Есенсариев, Ермек Зәңгіров және Мелс Елеусінге төс белгі тақты.

XS
SM
MD
LG