Accessibility links

СІМ Қытай қазақтарының ісіне "араласа алмайды"


Ардақ Мәдиев, Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры. Астана, 14 желтоқсан 2017 жыл.
Ардақ Мәдиев, Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры. Астана, 14 желтоқсан 2017 жыл.

Желтоқсанның 14-інде Қазақстанның сыртқы істері министрлігі Астанада өткен баспасөз жиынында Қытайдан көшіп келген, Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақтардың "туыстарымыз Қытайда негізсіз қылмыстық қудалауға ұшырап жатыр" деген шағымына байланысты жауап берді. СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиевтің айтуынша, Қазақстан билігінен көмек сұраған репатриант қазақтардың шағымдары министрлікке түскен.

- Оларда проблема жоқ емес, бар. Жағдайды бақылап отырмыз. Мұнымен қоса әңгіме өзге мемлекеттің қарамағындағы басқа елдің азаматтары туралы екенін түсіну керек. Барлық мәселені келісе отырып шешу қажет және ондай жұмысты атқарып отырмыз. Қытай халық республикасымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бірақ Вена конвенциясына сәйкес өзге елдің юрисдикциясына араласа алмаймыз, - деді Ардақ Мәдиев.

Желтоқсанның 7-сінде Астанада Қазақстан азаматтығын алған бір топ репатриант Қазақстан билігінен Қытайдағы қазақтардың жағдайына араласуды сұраған. Олар Қытай үкіметі Қазақстан азаматтығын алған қазақтарды "туыстарына қысым жасау арқылы Қытайға келіп, тіркеуін өшіртуге мәжбүрлеп жатқанын" айтқан.

Қытайдағы қазақтардың қысым көретіні туралы шағым бірінші рет айтылып жатқан жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қытайда туыстары қамалғандардың арызы жиіледі

Бұл мәселе биыл маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында көтерілген.

КӨРЕ ОТЫРЫҢЫЗ: Германия қазағы Өмірхан Алтынның Құрылтайдағы сөзі

Құрылтайда Назарбаевқа Шыңжаңдағы қазақтардың жайын айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:10 0:00

XS
SM
MD
LG