Accessibility links

Румыния халқы бұрынғы королімен қоштасып жатыр


Румынияның бұрынғы королі Михай І-мен қоштасып жатқан тұрғындар. Бухарест, Румыния.
Румынияның бұрынғы королі Михай І-мен қоштасып жатқан тұрғындар. Бухарест, Румыния.

Бухаресте мыңдаған румын Румынияның бұрынғы королі, өткен аптада 96 жасында қайтыс болған Михай І-мен қоштасып жатыр. Бухарестегі Король сарайы алдына қойылған табытқа түрлі жастағы адамдар сағаттап кезекте тұрып, келіп-кетіп жатыр.

Михай І Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің соңғы жетекшілерінің бірі болды. Ол 2 желтоқсанда Швейцарияда ауыр сырқаттан көз жұмды.

Король қайтыс болған соң Бухарестегі король сарайы - ендігі мұражай үй румындардың зиярат жасайтын орнына айналды.

Михай І-дің мәйіті Швейцариядан осы аптада жеткізілген, марқұм 16 желтоқсанда мемлекеттік деңгейдегі рәсім бойынша жерленеді.

Гогенцоллерн династиясының мұрагері Михай І Румынияны екі рет - 1927-1930 жылдары, сосын 1940-1947 жылдары басқарды. 1944 жылы ол төңкеріс ұйымдастырып, Гитлердің одақтасы маршал Иоан Антонескуді биліктен кетірген және Бухаресті Гитлерге қарсы коалицияға қосқан.

Соғыстан кейінгі коммунистік билік Румынияда монархияны жойған соң, Михай тақтан бас тартуға және 1947 жылы қуғын көруге мәжбүр болған. Азаматтығынан айырылған соң ол Швейцарияға қоныс аударып, ол жақта механик және фермер болып, қарапайым өмір кешті. Михай І Румынияға 2002 жылы ғана оралды.

XS
SM
MD
LG