Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше адамды мемлекеттік наградамен марапаттады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент жарлығымен "Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы ерекше жетістігі үшін" "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке, грек-рим күресінен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке және "Теңізшевройл" компаниясының менеджері Руслан Қуатовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.