Accessibility links

СІМ: Қытайда сотталған қазақстандық елге қайтарылды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана

Қытайда есірткі заттары контрабандасымен айналысты деп айыпталып, өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы елге қайтарылды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың Facebook-те жазуына қарағанда, Ақмола облысының 1989 жылы туған тұрғыны бүгін Қытайдың Үрімжі қаласынан этаппен жеткізілген. Қазақстан бас прокуратурасының Азаттыққа айтуынша, Қытайда сотталған қазақстандық жазасын өз елінде өтейді.

Жайнақовтың ақпаратына қарағанда, қазақстандық азамат 2009 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталып, өлім жазасына кесілген. Бірақ өлім жазасын орындау екі жылға шегеріліп, 2011 жылы ол жаза өмір бойына бас бостндығынан айыру жазасымен алмастырылған.

Сотталушыны еліне қайтару процесімен Қытайдағы Қазақстан елшілігі, бас прокуратура мен Қытайдың әділет министрлігі айналысқан.

СІМ мәліметі бойынша, биыл Қазақстанға Қытайда сотталған бұдан өзге төрт қазақстандық, ал 2015 жылдың тамызынан бері барлығы 15 сотталған азамат қайтарылған.

XS
SM
MD
LG