Accessibility links

Шөкеев премьер-министр орынбасары болды


Өмірзақ Шөкеевтің "Самұрық-Қазына" қоры жетекшісі ретінде парламентте отырған кезі. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.
Өмірзақ Шөкеевтің "Самұрық-Қазына" қоры жетекшісі ретінде парламентте отырған кезі. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.

Өмірзақ Шөкеев премьер-министр орынбасары – ауыл шаруашылық министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.

Президент жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босаған Асқар Мырзахметовтің қай қызметке ауысқаны әлі белгісіз.

53 жастағы Өмірзақ Шөкеев 2011 жылдан бері ұлттық әл-ауқат қоры "Самұрық-Қазына" компаниясын басқарып келген. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының, Қостанай облысының және Астана қаласының әкімі, экономика министрі болған.


XS
SM
MD
LG