Қазақстандық белгілі футбол ардагері Тимур Сегізбаев 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат кезінде әйгілі футбошы ойнаған алматылық "Қайрат" футбол клубының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
Тимур Сегізбаев 1960-1969 жылдар аралығында "Қайрат" командасының құрамында 12 футбол маусымына қатысып, 200-ден аса матчта ойнаған. 1964-1969 жылдар аралығында команда капитаны болды. Кейін Алматының "Қайрат", Қарағандының "Шахтер", Қызылорданың "Автомобилист" және "Мелиоратор" командаларын жаттықтырды.
2014 жылы Алматының "Қайрат" футбол командасы жанынан Тимур Сегізбаев атындағы академия ашылған болатын.