Accessibility links

Алматыда қоғам және билік өкілдері Тәуелсіздік монументіне гүл қойды

Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына құран бағыштап отырған адамдар. 16 желтоқсан 2017 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына құран бағыштап отырған адамдар. 16 желтоқсан 2017 жыл.

Бүгін Алматының орталығындағы Тәуелсіздік монументіне 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысқан белсенділер тобы, қала әкімі Бауыржан Байбек бастаған шенеуніктер және билікті қолдайтын қоғамдық ұйымдар өкілдері гүл қойды.

Гүл қою рәсімінің соңында әскери оркестр әнұран ойнады. Шара кезінде ешкім сөйлеген жоқ. Әкім мен шенеуніктер қайтып кеткеннен кейін Тәуелсіздік ескерткіші жанында қалған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар сол оқиғада құрбан болғандарға бағыштап құран оқыды. Бұдан соң жұрт тарай бастады.

"Алаңға келгенде қан тамған қар елестейді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанына бүгін 26 жыл толды. Бұл күн елде ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. Биыл Қазақстан халқына мейрамға байланысты төрт күн демалыс берілген.

Сонымен бірге желтоқсанның 16-сы күні Қазақстанда тағы екі оқиғаны еске алады. 1986 жылы Мәскеудің Қазақ ССР-і басшылығына республикаға белгісіз Геннадий Колбинді тағайындау туралы шешімі студент және жұмысшы қазақ жастарының наразылық шеруіне ұласқан. Алматының орталық алаңында екі күнге жалғасқан шеруді билік күшпен басып-жаншыды. Желтоқсан оқиғасынан кейін жүздеген адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, жұмысынан қуылды. Желтоқсан оқиғасына қатысты нақты қанша адамның қуғынға ұшырағаны әлі күнге белгісіз.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы Азаттық фотогалереясы:

Желтоқсан: Азаттық тапқан суреттер

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті пленумы шұғыл өткізіліп, ұзақ жылдар бірінші хатшы болып істеген Дінмұхаммед Қонаев қызметтен алынып, орнына Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды. Алматыда бұл шешімге наразылық танытқан қазақ жастары 17-18 желтоқсанда Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) жиналды. 
1/10 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті пленумы шұғыл өткізіліп, ұзақ жылдар бірінші хатшы болып істеген Дінмұхаммед Қонаев қызметтен алынып, орнына Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды. Алматыда бұл шешімге наразылық танытқан қазақ жастары 17-18 желтоқсанда Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) жиналды. 
Алаңның жиналған адамға толған кезі.
2/10 Алаңның жиналған адамға толған кезі.
Алаңдағы адамдар.
3/10 Алаңдағы адамдар.
Милициялар және алаңға келген адамдар. Оқиғаға қатысушы адамның бірінің суретіне әлдекімдер белгі қойыпты.
4/10 Милициялар және алаңға келген адамдар. Оқиғаға қатысушы адамның бірінің суретіне әлдекімдер белгі қойыпты.
Алаңға жиналған адамдардың қолтықтасып сап құрған сәті. 
5/10 Алаңға жиналған адамдардың қолтықтасып сап құрған сәті. 
Алаңға жиналғандардың көбі Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері еді. 
6/10 Алаңға жиналғандардың көбі Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері еді. 
Полиция алаңға келген жастардың бірін ұстап әкетіп бара жатыр. 
7/10 Полиция алаңға келген жастардың бірін ұстап әкетіп бара жатыр. 
Желтоқсан оқиғасы кезіндегі алаң. 
8/10 Желтоқсан оқиғасы кезіндегі алаң. 
Алаңға келген жастар қолдарына түрлі плакаттар ұстап шыққан. 
9/10 Алаңға келген жастар қолдарына түрлі плакаттар ұстап шыққан. 
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Геннадий Колбин тағайындалғаны туралы "Казахстанская правда" газетіне шыққан хабарлама. 
10/10 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Геннадий Колбин тағайындалғаны туралы "Казахстанская правда" газетіне шыққан хабарлама. 
Previous slide
Next slide

2011 жылы желтоқсанның 16-сында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбек мәселелеріне қатысты талаптар қойған мұнайшылардың наразылық шеруін билік оқ атып күшпен таратты. Ресми дерек бойынша, Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесінде Жаңаөзеннің іргесіндегі Шетпе ауылындағы халық наразылығы кезінде тағы бір адам оққа ұшты.

Жаңаөзен оқиғасына 6 жыл. Азаттықтың видеошолуы:

XS
SM
MD
LG