Accessibility links

Астанада Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғасын еске алды

Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналған адамдар. Астана. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналған адамдар. Астана. 17 желтоқсан, 2017 жыл.

Бүгін Астанадағы Ішкі істер министрлігі ғимараты алдындағы «Отан Ана» монументі жанында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдар мен азаматтық қоғам белсенділері Желтоқсан және Жаңаөзен құрбандарын еске алды.

Шараға жиналған жиырмаға жуық адам алдымен Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғалары туралы естеліктер айтты. Олар 1986 жылғы қазақ жастарының жаппай көтерілісін күшпен басып-жаныштаған сол кездегі билік пен 2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек дауы негізінде ереуілде тұрған мұнайшыларға оқ атқан полицияның әрекетін айптады.

Жиналғандар кезектесіп сөйлеп жатқанда, монумент орналасқан саябақ ішімен өтіп бара жатқан бірнеше адам тоқтап, сөз тыңдау үшін кідірді.

Шара барысында монумент маңында жиналғандарды сырттай бақылап жүрген полиция өкілдері болған жоқ.

Азаматтық белсенділер екі оқиғада қаза болған адамдарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады. Одан кейін монументке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандардың рухына бағыштап құран оқыды.

Кешеден бері 1986 жылғы Желтоқсан және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларына қатысты Қазақстанның өзге қалаларында да еске алу шаралары өтті.

1986 жылы Мәскеудің Қазақ ССР-і басшылығына республикаға белгісіз Геннадий Колбинді тағайындау туралы шешімі студент және жұмысшы қазақ жастарының наразылық шеруіне ұласқан. Алматының орталық алаңында екі күнге жалғасқан шеруді билік күшпен басып-жаншыды. Желтоқсан оқиғасынан кейін жүздеген адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, жұмысынан қуылды. Желтоқсан оқиғасына қатысты нақты қанша адамның қуғынға ұшырағаны әлі күнге белгісіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Желтоқсандағы құрбандарды еске алу

Желтоқсандағы құрбандарды еске алу

Алматыда Желтоқсан оқиғасын еске алу рәсіміне жиналғандар қарасы жылдағыға қарағанда көп болды. Бұрын ондаған адамнан аспайтын рәсімге биыл жүздеген адам қатысты. 17 желтоқсан, 2017 жыл. 
1/10 Алматыда Желтоқсан оқиғасын еске алу рәсіміне жиналғандар қарасы жылдағыға қарағанда көп болды. Бұрын ондаған адамнан аспайтын рәсімге биыл жүздеген адам қатысты. 17 желтоқсан, 2017 жыл. 
Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналған адамдар саны Астанада аз болды. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
2/10 Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға жиналған адамдар саны Астанада аз болды. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
"Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоғын қою салтанаты. Рәсімге құрметті қарауыл мен Ұлттық ұлан оркестрі де тартылды. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
3/10 "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл шоғын қою салтанаты. Рәсімге құрметті қарауыл мен Ұлттық ұлан оркестрі де тартылды. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл қойып, тағзым еткен сәті. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
4/10 Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл қойып, тағзым еткен сәті. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірі тобы "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл қоюға келді. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
5/10 Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірі тобы "Тәуелсіздік таңы" ескерткішіне гүл қоюға келді. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Ескерткішке гүл шоғын қойып жатқан адамдар. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
6/10 Ескерткішке гүл шоғын қойып жатқан адамдар. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Имамның құран оқып отырған сәті. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
7/10 Имамның құран оқып отырған сәті. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Құран оқылған кезде алақан жайып отырған адамдар. Алматы. 17 желтоқсан 2017 жыл.
8/10 Құран оқылған кезде алақан жайып отырған адамдар. Алматы. 17 желтоқсан 2017 жыл.
Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір сәттік еске алу кезі. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
9/10 Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір сәттік еске алу кезі. Алматы. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Гүл қою рәсімі аяқталған соң жиналғандар арнайы бөлінген автобусқа отырып, Желтоқсан оқиғасы құрбандарына берілетін асқа кетіп, алаңнан тарқап жатты. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
10/10 Гүл қою рәсімі аяқталған соң жиналғандар арнайы бөлінген автобусқа отырып, Желтоқсан оқиғасы құрбандарына берілетін асқа кетіп, алаңнан тарқап жатты. 17 желтоқсан, 2017 жыл.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG