Accessibility links

Актер Құман Тастанбеков қайтыс болды


Актер Құман Тастанбеков жұбайы Меруерт Өтекешовамен бірге. Меруерт Өтекешова "Қыз Жібек" фильмінде Жібектің ролін сомдаған. Алматы. 11 наурыз, 2013 жыл.

Совет кезінде түсірілген "Қыз Жібек" фильмінде басты рөлді ойнаған белгілі актер Құман Тастанбеков бүгін қайтыс болды. Фильмде ол Төлеген рөлін сомдаған болатын.

Актердің қазасын ол қызмет атқарған Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрдың баспасөз хатшысы Бақыт Беделхан Азаттыққа растады. Оның айтуынша, актермен қоштасу рәсімі 20 желтоқсан күнгі сағат 10:00-ге белгіленген. Қоштасу рәсімі Әуезов театрында өтеді.

Алматыдағы Мұхтар Әуезов театрының актері Құман Тастанбеков 1945 жылы дүниеге келген.

Актерді танымал еткен Сұлтан Қожықовтың "Қыз Жібек" фильмі 1969-1970 жылдары түсірілді. Актер бұдан басқа "Аққулар ұшып келеді", "Махаббат жаңғырығы", "Провинциялық хикая", "Ағама арналған қалыңдық", "Ағам менің", "Көшпенділер", "Махамбет" және т. б. фильмдерге түскен. Театрда Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан", "Қарагөз" және "Еңлік-Кебек", Шыңғыс Айтматовтың "Ана-Жер-Ана" және "Ақ кеме", Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" және басқа да көптеген спектакльдерде түрлі рөлдерді ойнады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG