Accessibility links

Байқоңырдан кезекті экипаж ұшырылды


"Союз МС-07" кораблінің ұшар алдында ғарыш айлағына қойылған сәті. Байқоңыр. 15 желтоқсан, 2017 жыл.
"Союз МС-07" кораблінің ұшар алдында ғарыш айлағына қойылған сәті. Байқоңыр. 15 желтоқсан, 2017 жыл.

Бүгін Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясына ұзақ мерзімді экспедиция үшін кезекті экипаж ұшырылды.

Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, ұшырылған "Союз МС-07" кораблінің құрамында Америка NASA ғарыш агенттігінің астронавты Скотт Тингл, "Роскосмос" ғарышкері Антон Шкаплеров және Жапонияның JAXA ғарыш агенттігінен Норишидж Канай болған. Астана уақыты бойынша сағат 13:21-де ұшырылған "Союз-ФГ" зымыраны сәтті көтерілген. Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 19 желтоқсанға жоспарланып отыр.

Қазір ғарыщ станциясында NASA астронавтары Марк Ванхе Хай, Джозеф Акаба және ресейлік Александр Мисуркин жұмыс істеп жатыр. Олар қыркүйек айында станцияға жеткізілген болатын.

14 желтоқсанда Ресей, АҚШ және Италия ғарышкерлерінен құралған үш адамдық экипаж Жерге оралған еді.

XS
SM
MD
LG