Accessibility links

Путин Трампқа алғыс айтты


Владимир Путин мен Дональд Трамп
Владимир Путин мен Дональд Трамп

Жексенбі, 17 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлескен. Путин Санкт-Петербург пен Ресейдің басқа да қалаларындағы терактілерді алдын алуға көмектескен ЦРУ-дың ақпараты үшін Трампқа алғыс айтты.

Путин ЦРУ ақпаратынан кейін ресейлік ФСБ Санкт-Петербургтегі Қазан шіркеуінде жоспарланған терактіні алдын алып, екі күдіктіні ұстағанын айтты. Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин Трамп арқылы ЦРУ директорына да алғыс білдірген.

Путин егер ФСБ АҚШ-та ұйымдастырылуы мүмкін терактілер туралы ақпарат болса ЦРУ-ға беруге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы төрт күнде Путин мен Трамп екінші рет телефон арқылы сөйлесті.

14 желтоқсанда ФСБ Қазан шіркеуінде теракт ұйымдастырмақ болған жеті күдіктіні ұстағанын хабарлаған. Олардың қатарында Дағыстан, Ингушетия мен Тәжікстан тұрғындары бар. Ұсталғандар тағылған айыпты мойындамайды. Олар "бұл операцияны ресейлік арнайы жасақ әдейі ұйымдастырды" дейді.

XS
SM
MD
LG