Accessibility links

#ПутинКрут баннерлері өлгендердің парақшаларында жарияланған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

"Вконтакте" әлеуметтік желісінің жетекшілері Ресей президенті Владимир Путинді қолдаған #ПутинКрут хэштегімен жарияланған хабарламалар мен посттарды бұзған.

14 желтоқсанда Путиннің пресс-конференциясынан кейін "Вконтакте" желісінде #ПутинКрут хэштегімен баннерлер жариялана бастаған. Баннерде Путиннің айтқан сөздері мен "Молодой гвардия Единой России" ұйымының эмблемасы болған. Әлеуметтік желі қолданушылары баннерлер өмірден өткен адамдардың парақшаларында жарияланғанын байқаған.

"Молодой гвардия Единой России" ұйымы бұл шуға қатысты пікір білдірген жоқ.

Ресейді әлеуметтік желіде ақшаға қазіргі биліктің саясатын қолдап жазба жариялайтын "тролдар фабрикасы" бар екені, оны Путиннің жақын достарының бірі, бизнесмен Евгений Пригожин қаржыландыратыны жиі айтылады.

XS
SM
MD
LG