Accessibility links

Президент әкімшілігінің "жалған қызметкері" сотталды


Қарағанды картасы.
Қарағанды картасы.

Қарағанды облысы Қазыбек аудандық соты осы өңірдің тұрғыны Бақытжан Мұсаевты алты жылға соттады. Қылмыстық іс бойынша, Мұсаев 2014-2017 жылдары өзін адамдарға "Қазақстан президент әкімшілігінің қызметкерімін" деп таныстырған. Оларды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, ақша алған.

Tengrinews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұсаев мемлекеттік мекемелерге, компанияларға хабарласып, өзін президент әкімшілігінің қызметкері, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, президенттің көмекшісі деп таныстырған.

Сот шешімінде айыпталушының кінәсін толық мойындағаны, зардап шеккендерге ақшаларын қайтарғаны жазылған. Мұсаев алты жылдық жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

XS
SM
MD
LG