Accessibility links

Қытайдың ұшағы алғаш рет Антарктидаға қонды


Антарктидадағы туристер. Көрнекі сурет
Антарктидадағы туристер. Көрнекі сурет

Қытайдың "Hainan Airlines" әуе компаниясы алғашқы коммерциялық ұшағын Антарктидаға қондырды. Бейжіңнің орталық CCTV арнасының мәліметінше, бортына 22 қытай жолаушысы отырған ұшақ Гонгконгтан 15 сағаттың ішінде Оңтүстік Африка республикасының Кэйптаун қаласында жанармай құйып алу үшін бір қонып, бұдан кейін бес жарым сағаттың ішінде сенбі күні Антарктидаға жеткен.

Сөйтіп Қытай Антарктидаға туристерін жіберген АҚШ-тан кейінгі екінші елге айналды.

Қытайдан Антарктидаға баратындар саны өсіп келеді. Мұндай саяхатшылар 2008 жылы 100 адамнан аз болса, 2016 жылы төрт мыңға жетіп қалған.

Қытайдың "Caissa" саяхат компаниясы келесі жылы арнайы Антарктида турын ашпақ.

XS
SM
MD
LG