Accessibility links

СДП Атамбаевтың кандидатурасын қарастырады


Алмазбек Атамбаев

2018 жылы қаңтарда Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясының (СДП) съезінде жаңа төрағасы сайланады.

Партия төрағасының орынбасары, Қырғызстан президент әкімшілігінің жетекшісі Фарид Ниязов партия төрағалығына бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ғана кандидатурасы қаралып жатқанын айтты.

- Партияда басқа кандидат жоқ. Кандидат санына шектеу қойылмайды. Бірақ социал-демократтар Алмазбек Атамбаевты қолдап отыр. Басқа ұсыныс жоқ, - деді Ниязов Азаттықтың қырғыз қызметіне.

СДП – елдегі билік партиясы. Атамбаевтың президенттік мерзімі кезінде партияны Жогорку Кенештың бұрынғы төрағасы Чыныбай Турсунбеков пен Фарид Ниязов басқарған. Бірақ олар партия төрағасы болмаған.

Атамбаевтың президенттік қызметі 24 қарашада аяқталған. Қазір Қырғызстан президенті - Сооронбай Жээнбеков.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG