АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық аренада Ресей мен Қытайды басты қарсылас деп санайды. Ол АҚШ-тың ұлттық мүддесі үшін осы екі елмен қарым-қатынасты нығайту жолдарын іздейтінін айтты.
18 желтоқсанда Вашингтонда ұлттық қауіпсіздік бойынша жаңа стратегияны таныстырған Трамп ЦРУ Ресейдегі бірнеше терактінің алдын-алуға көмектескенін атап өтті.
"Біз бәсекелестіктің жаңа кезеңіне аяқ бастық. Шекарасыз мемлекет-мемлекет емес. Егер мемлекет соғыста жеңе алмаса өз-өзін қорғай алмайды. Америка - тағы да ойында және жеңіске жетуді қалайды" деді Трамп.
Ақ үй басшысының пайымдауынша, экономикалық даму - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі шарт.