Accessibility links

Көлік апатынан соң Әзербайжан вице-премьерінің немересі сотталды


Наиль Аллахвердиев
Наиль Аллахвердиев

Әзербайжан соты елдің вице-премьерінің ұлын көлікпен қатты жүріп, екі адамды мерт қылып, екеуін жаралағаны үшін алты жылға соттады.

Бакудің аса ауыр қылмыстық істер бойынша соты 18 желтоқсанда вице-премьер Али Хасановтың немересі Наиль Аллахвердиевті тамыз айында осы қалада болған қанды оқиғаға байланысты айыпты деп таныды.

Полиция мен прокуратураның тексеруі бойынша, 23 жастағы Аллахвердиев Mercedes көлігімен қатты келе жатып, 3 тамызда Бакуде басқа бір көлікпен соғысып, тротуардағы бір топ адамды басып кеткен. Бір жаяу адам мен Mercedes-тегі бір жолаушы сол жерде өлген. Екі түркиялық азамат жараланып қалған.

Прокурорлар Наиль Аллахвердиев сол күні екінші көлік айдап шыққан досы Мирмахаммат Исмаиловпен жарысқан деп мәлімдеді. Исмаилов бұған дейін көлікпен адам басқаны үшін жауапқа тартылған болып шықты.

Прокурорлар соттан Аллахвердиевті жеті жылға соттауды сұрады, бірақ сот "қылмыс орнынан қашып кетті" деген екінші айыпты жоққа шығарды. Аллахвердиев көлігіндегі жолаушы апатқа дейін жүрегі қысылып жан тәсілім етті деп сендіруге тырысты.

Әзербайжан сияқты пост-советтік елдерде жергілікті құқық қорғаушылар билікті "лауазымды тұлғалар мен олардың туыстары көлікпен жүру ережесін бұзғанда қылмысты тексеруге құлықсыз" деп жиі айыптайды.

XS
SM
MD
LG