Accessibility links

Алматыда базар өртенді


Алматыдағы базарлардың бірінен шыққан өртті сөндіріп жатқан төтенше жағдай қызметкерлері. 15 қыркүйек 2014 жыл (Көрнекі сурет).
Алматыдағы базарлардың бірінен шыққан өртті сөндіріп жатқан төтенше жағдай қызметкерлері. 15 қыркүйек 2014 жыл (Көрнекі сурет).

Алматыда Райымбек батыр даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында орналасқан «Барыс» көтерме сауда кешенінде өрт болды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, базардан өрт шыққаны туралы хабар 20 желтоқсанға қараған түні сағат 4:31-де түскен.Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде азық-түлік сақталған жеті контейнер жанып жатқан. Өрт аумағы 900 шаршы метрді құраған. Өрттен ешкім зардап шекпеген, өртті сөндіру кезінде бірнеше газ баллоны сыртқа шығарылған.

Базардағы өрт 96 адам мен 27 техниканың күшімен таңғы сағат 6:12-де толық өшірілген. Өрттің неден шыққан әзірге хабарланбады.

XS
SM
MD
LG