Accessibility links

«Ата Мекен» фракциясы жетекшісіне айыппұл салынды


Алмамбет Шыкмаматов, Қырғызстан парламентіндегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі.
Алмамбет Шыкмаматов, Қырғызстан парламентіндегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі.

Бішкектің Первомай аудандық соты парламенттегі «Ата мекен» фракциясының жетекшісі Алмамбет Шыкмаматовқа қатысты сот шешімін шығарды. Бас прокуратура оған «Коррупция» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сот шешіміне сәйкес, саясаткерге 50 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде (5 миллион сом - 70 мың доллардан астам) айыппұл төлеу міндеттелді.

Осыған дейін саясаткер Шыкмаматов өзіне тағылған айыптың «саяси астары барын» мәлімдеген.

Тергеу ісі бойынша, Алмамбет Шыкмаматов 2011 жылы Есеп палатасында аудитор болып тұрған кезінде тендерлік комиссия мүшелерімен келісіп, тендерге қатысу туралы өтінішке әйелінің көлігін қымбат бағамен қостырған. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Шыкмаматовпен бірге тағы екі адам сотқа тартылды. Олар - есеп палатасының бұрынғы аудиторы Жүсіп Иманалиев пен Түркия азаматы Әли Юксель. Иманалиев он жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Прокурор Шыкмаматовты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бірақ сот оны айыпты деп танып, 5 миллион сом айыппұл төлеуді міндеттеді.

XS
SM
MD
LG