Accessibility links

Азаттық редакторы Рахат Мамырбек өмірден өтті


Рахат Мамырбек, Азаттықтың веб-редакторы.
Рахат Мамырбек, Азаттықтың веб-редакторы.

Азаттықтың Қазақ қызметі Алматы бюросындағы веб-редакторы, журналист Рахат Мамырбек қайтыс болды. Журналист бүгін, желтоқсанның 20-сы күні таңертең Алматыда ауруханада көз жұмды. Рахат Мамырбек 11 желтоқсан күні денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен еді.

Рахат Мамырбек 2012 жылдан бері Азаттықтың Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарды. Ол Азаттықтағы "Еркін сөз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды, AzattyqLIVE xабарын тікелей эфирде жүргізді.

Рахат Мамырбек ҚазҰПУ-ды саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. "Қазақстан", "31-арна", КТК және "Алматы" телеарналарында жүргізуші, редактор болған. «Қазақстан» телеарнасында жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған.

XS
SM
MD
LG