Accessibility links

Шымкентте газ жарылып, екі адамды күйік шалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Шымкенттегі Тассай шағын ауданындағы жеке үйдің бірінде газ жарылып, екі адамды күйік шалды" деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Денесінің 35 пайызын күйік шалған 30 жастағы келіншек Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханасының жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына, оның 6 жастағы қызы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер екі науқастың да жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатқанын айтады.

Шымкентте желтоқсан айының басынан бері газдың себебінен төрт қайғылы оқиға болып, тоғыз адам қайтыс болды. Мерт болғандардың бесеуі - балалар.

XS
SM
MD
LG