Парламент мәжілісі сәрсенбіде пленарлық отырысында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшелері Марат Сәрсембаев пен Владимир Фоостың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мақұлдады. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Сәрсембаев пен Фаос "өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату" туралы өтініш білдірген.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ОСК-де босаған екі мүшенің орнына Зәуреш Баймолдина мен Наталья Годунованы ұсынып, депутаттар екеуінің де кандидатурасын қолдады. Баймолдина осы күнге дейін әділет вице-министрі қызметін атқарған. Годунова "Нұр Отан" партиясының хатшысы болған.
Қазақстанда ОСК сайлау комиссияларының біртұтас жүйесін басқаратын, тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік орган саналады. ОСК төрағасын президент тағайындайды. Комиссияның алты мүшесінің екеуін президент, екі мүшесін парламент мәжілісі, екеуін сенат тағайындайды.