Accessibility links

Мәскеуде Pussy Riot мүшесі Алехинаны полиция ұстады


Мария Алехина, Pussy Riot панк-тобының мүшесі.
Мария Алехина, Pussy Riot панк-тобының мүшесі.

Мәскеуде Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) бас кеңсесінде Pussy Riot панк-тобының мүшесі Мария Алехинаны полиция ұстап әкетті. Ол ФСБ алдында "Туған күніңмен, жендеттер" деген жазуы бар баннер ұстап шыққан.

Акцияға қатысқан белсенді Ольга Борисова "Медиазона" құқық қорғау порталына Алехинамен бірге фотографтар Андрей Золотов пен Денис Бочкаревтің де ұсталғанын хабарлады. Оларды Мещанский полиция бөліміне апарған. Оларға қандай айып тағылғаны әзірге айтылмайды.

Акция қауіпсіздік органы қызметкерлерінің күніне және арнайы қызметтің құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған. 100 жыл бұрын Бүкілресейлік төтенше комиссия (ВЧК - ред) құрылған. Кейін Совет кезінде оның орнын НКВД, одан соң КГБ басып, қазір ол ФСБ-ға айналған.

Совет арнайы қызметі Қызыл террор мен сталиндік репрессия кезінде жүздеген мың адамның қырылуына және СССР-де өзгеше ойлайтындардың қудалануына кінәлі деп саналады. Қазіргі Ресейде азаматтық белсенділер мен оппозиция өкілдері ФСБ-ны билікке қарсы адамдарға қысым көрсетеді деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG