Accessibility links

Шешенстанда саяси тұтқын Руслан Кутаев бостандыққа шықты


Руслан Кутаев, шешенстандық саяси тұтқын.
Руслан Кутаев, шешенстандық саяси тұтқын.

Шешенстанда Кавказ халықтары ассамблеясының президенті, саяси тұтқын Руслан Кутаев бостандыққа шықты. Кутаев 2014 жылы 9 шілдеде үлкен көлемде есірткі сақтады деген айыппен төрт жылға сотталған болатын.

Руслан Кутаев 2014 жылы 20 ақпанда – «Шешен халқын депортациялау» деп аталған конференцияда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынағаннан екі күннен соң Гехи ауылында тұтқындалған. 2012 жылы Қадыров республикада 23 ақпанда атап өтілетін Еске алу және аза тұту күнін 10 мамырға – әкесі әрі Шешенстанның бұрынғы президенті Ахмат Қадыровтың қайтыс болған күніне ауыстырған. Содан бері Шешенстанда сталиндік депортация құрбандарын еске алатын ресми іс-шара өтпейтін болған.

2015 жылы сәуірде Кутаев өзіне қарсы істің «қолдан жасалғанын» айтып, Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына шағымданған. Ол сонымен қатар Рамзан Қадыров аппаратының басшысы мен ішкі істер министрі қатысқан тергеу кезінде өзін азаптағанына да шағым түсірген. Кутаевтің сөзінше, өзін бірнеше сағат бойы азаптап, ақыр соңында «есірткі сақтағанын мойындатқан».

Құқық қорғаушыар Руслан Кутаевқа қарсы істің саяси астары бар деп біледі. 2014 жылы «Мемориал» құқық қорғау ұйымы оны саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG