Accessibility links

Трамп: АҚШ саясатын сынағандарға көмектесуді доғарамыз


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының Ақ үйді Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы шешімінен бас тартуға шақыратын қарарын қолдап дауыс берген елдерге Вашингтон қаржылай көмек көрсетуді тоқтатынын мәлімдеді.

20 желтоқсанда журналистермен әңгімелескен Дональд Трамп «Олар АҚШ-тан миллиардтап болмаса да, жүздеген миллион доллар көмек алады, сөйте тұра бізге қарсы дауыс бермекші. Жарайды, оған бола қайғырмай-ақ қояйық, мейлі, олар дауыс бере берсін – ал біз біраз қаржыны үнемдейміз. Бірақ бізге қарсы шыққандарды ұмытпаймыз» деді.

21 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясына мүше 193 мемлекет Иерусалим туралы қарарды талқылап, дауыс беру үшін шұғыл жиын өткізеді. 18 желтоқсанда АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иерусалимді Израиль астанасы деп тану шешімінен бас тартуға шақырған қарарына вето қойған болатын. Қарар жобасын Египет ұсынған. Ол қарарда «Иерусалим статусына қатысты таяуда қабылданған шешімге қатты алаңдаушылық білдіретіні» айтылған. Қарарды Қауіпсіздік кеңесіне мүше АҚШ-тан басқа 14 ел түгел қолдаған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли 19 желтоқсанда Трамптың Египеттің бастамасын қолдайтын елдердің тізімін беруді сұрағанын айтып, ескерту хат жолдаған.

АҚШ 2016 жылы Таяу Шығыс пен Африка елдеріне 26 миллиард доллар, Оңтүстік және Орталық Азия елдеріне 2,2 миллиард доллар болатын әскери және экономикалық көмек көрсеткен.

XS
SM
MD
LG