Accessibility links

АҚШ Конгресі үкіметті қаржыландыруды 19 қаңтарға дейін ұзартты


АҚШ Конгресі ғимараты.

АҚШ федералдық үкіметін 2018 жылғы қаңтардың 19-ына дейін уақытша қаржыландыру туралы Конгрестің өкілдер палатасы мақұлдаған құжат жобасын сенат мүшелерінің 66-сы қолдап, 32-сі қарсы дауыс берген. Конгрестің қос палатасы мақұлдаған құжат АҚШ президенті Дональд Трампқа қол қоюға жіберілді.

Бұл қарар биылғы жылы АҚШ Конргесі қабылдаған осымен үшінші құжат. Бұған дейін желтоқсанның басында қабылданған осы тәрізді қарардың күші желтоқсанның 22-і күні аяқталады.

Конгресс қабылдаған қарар Ақ үй әкімшілігіне федералдық мекемелердің қызметін үзбеуге мүмкіндік береді. Үкімет қызметін қаржыландырумен бірге Конгресс Пентагонға зымыранға қарсы қорғаныс қажетіне, сонымен бірге америкалық барлау қызметтерінің шетелде арнайы іс-шаралар жүргізу жөніндегі бағдарламасына қаржы бөлген.

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG