Accessibility links

Алматыда Азаттық редакторы Рахат Мамырбекпен қоштасты


Рахат Мамырбек Азаттықтағы онлайн-конференция кезінде.
Рахат Мамырбек Азаттықтағы онлайн-конференция кезінде.

Алматыда жұмада Азаттық редакторы, журналист Рахат Мамырбекті ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасуға ондаған әріптесі мен жолдастары келді. Ол 20 желтоқсан күні 39 жасында өмірден озды.

Рахат Мамырбек 2012 жылдан бері Азаттықтың Қазақ редакциясы Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарды. Ол Азаттықтағы "Еркін сөз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды, AzattyqLIVE xабарын тікелей эфирде жүргізді.

Рахат Мамырбек ҚазҰПУ-ды саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Азаттыққа келгенге дейін "Қазақстан", "31-арна", КТК және "Алматы" телеарналарында жүргізуші, редактор болған. «Қазақстан» телеарнасында жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған.

Марқұм "Кеңсай-2" зиратына жерленді. Артында әйелі мен бес баласы қалды.

XS
SM
MD
LG